Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

 

Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары

Құдайберген Аида Қайырлықызы 1985 жылдың 20 қазанында дүниеге келген.

2007 жылы – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған (2009 жылы – «мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі, 2011 жылы – «құқытану», 2018 жылы – «бағалау»).

2009 – 2011 жылдар – Семей қаласының Қаржы бөлімінің бас маманы.

2011 – 2016 жылдар – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктерінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016 – 2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2018 – 2019 жылдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары.

2019 жылдың сәуірі мен тамыз айы аралығында  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.. 

2019 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Персоналды басқару департаменті директоры болып тағайындалды.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика