Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

ШОЙКИН ҒАЛЫМ НҰРМАҒАМБЕТҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры

1977 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.

2000 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді, 2004 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, 2011 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының аспирантурасы, 2005 жылдан бастап саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында оқытушы болып бастады.

2001-2003 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде - ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы, жастар саясаты департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы.

2004-2009 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінде бас сарапшы және қоғамдық-саяси жұмыс секторының меңгерушісі.

2009 - 2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012 - 2014 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.

2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.

2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-конфессиялық қатынастар секторының меңгерушісі.

2019 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қазанына дейін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры.

Бірқатар мемлекеттік және қоғамдық марапаттардың иегері. 

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика