Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

ҚОЖАХМЕТ МАДИЯР ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы

Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн тәмамдаған, Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Чех әлеуметтiк ғылым университетiнде халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрi, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша бiлiм алған.

2003-2006 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан жастары конгресi» жастар ұйымында қызмет еттi. Еңбек жолын жобалар үйлестiрушiсi қызметiнен бастаған.

2008 жылдың шілдесінен қазан айына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы.

2008-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясат департаменті директорының орынбасары болды.

2010-2012 жылдар аралығында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2012–2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі кезге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.


МҰҚАШЕВА АНАР ТОҚМУХАНБЕТҚЫЗЫ

Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасы

Мұқашева Анар Тоқмұханбетқызы 1979 жылы 23 шілдеде Павлодар облысының Көктөбе ауылында дүниеге келді.

1999 жылы   Неміс тілі мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді.

Мұқашева А.Т.

Еңбек жолын 1999 жылы Павлодар қаласында № 43 орта мектепте неміс тілі мұғалімі болып бастады.

2000 жылдың қыркүйегінен бастап 2001 жылдың тамыз айына дейін Павлодар университетінің гуманитарлық факультетінде неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.

2001 жылдың қыркүйегінен бастап 2007 жылдың қыркүйек айына дейін - С.Торайғыров атындағы ПМУ-да неміс тілінің оқытушы, аға оқытушысы.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қазан айына дейін - Павлодар облысының білім беру басқармасының жетекші, бас маманы.

2009 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін - «Павлодар облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің бас сарапшысы.

2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің басқарма басшысы  қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің басқарма басшысы.

2019 жылдың қаңтарынан сәуір айына дейін Мұқашева А.Т. - Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық модернизациялау департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары.

2019 жылдың 29 сәуірінде Мұқашева Анар Тоқмұханбетқызы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік марапаттар: 2016 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.


БАЙМАНОВ ШАХМАРДАН АСҚАРҰЛЫ

Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасы

Байманов Шахмардан Асқарұлы 1984 жылы 2 сәуірде Қызылорда қаласында туылған. 

Қызылорда қаласындағы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектепті бітірген.

2001–2005 жж. – Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін «Несие және несиелік құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2005 – 2007 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметінен бастаған. 

2007 – 2008 жж.  Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» атқарушы директоры;

2008–2011 жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары;

2011–2012 жж. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебін «Саясаттану» мамандығы «әлеуметтік білім магистрі» бойынша бітірген.

2011–2012 жж. «Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

2012 – 2015 жж.  мемлекеттік қызметке қабылданып, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды. 

2015 – 2017 жж. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы (Астана қаласы);

2017 – 2019 жж. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың 15 мамырынан Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдары, «Нұр Отан» партиясының медалі, «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы