Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Әлия Қайратқызы Ғалымова

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Әлия Қайратқызы Ғалымова Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы болып тағайындалды.Туған күні, айы, жылы: 18.07.1970 ж

Туған жері: ҚазКСР; Павлодар қаласы

Меңгерген тілдері:қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар:

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетіі (1987-1992)

Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы

Тарих ғылымдарының кандидаты. Доцент.

Диссертацияның атауы: Солтүстік Қазақстанның қазіргі  заманғы ауылдық отбасы (көне әлеуметтану зерттеулері) (2000)

Еңбек өтілі:

Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде тарих пәні мұғалімі (1992-1995);

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих пәні мұғалімі (1995-2000);

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің тарих пәні мұғалімі (2000-2003);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі, бас сарапшысы (2003-2008);

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары (2008-2010);

Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2010-2012);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы (2012-2015);

Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының Кеңесшісі (2016 ж. бастап)

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы (2016-2018);

Сайлау лауазымдары, депутаттық қызметі:

Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің V шақырылымының депутаты

Отбасы жағдайы: Тұрмыс құрған. Екі баланың анасы

 

Нуримова Малика Муратқызы

2008 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.

2010 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады.

2008 - 2010 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы.

2010 - 2011 жылдары –  ҚР Мәдениет министрлігінің Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар департаментінің сарапшысы.

2011 - 2016 жылдары –  сарапшы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің кеңесшісі.

2016 - 2019 жылдары – Ақпарат комитетінің бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің көмекшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің көмекшісі.

2019 жылдың 22 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы