Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы

Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы 1985 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Ұлыбританияның Шейффилд университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, өнер магистрі) тәмамдаған, сонымен қатар Шеффилд Университеті, Ұлыбритания, ("Болашақ" бағдарламасының стипендианты).

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2005 жылы – Қазақстан Республикасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.

2005-2006 жылдары ─ «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы.

2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008-2014 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеген.

2016 - 2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
 
2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

 

Комитет төрағасының орынбасары

Комиссаров Михаил Александрович 1977 жылдың 3 ақпанда дүниеге келген.

1999 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2014 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық талдау бөлімшелерінде түрлі лауазымда қызмет етті.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу Департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитеті Мониторинг басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
 
2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика