Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңына

2018 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысымен «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды.

Заң балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әзірленді. Оның негізгі мақсаты балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, балалардың олардың жасына сәйкес ақпаратты алу және тарату құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты Заңмен:

-балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғаудың басымдылығын анықтау;

-ақпараттық өнімге жас сыныптамасы мен таңбалауды енгізу;

-денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты таратуды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша функцияларды шектеу;

-ақпараттық өнімді таңбалауды жүзеге асыратын субъектілерді (меншік иесі және (немесе) таратушы) анықтау бойынша шаралар реттеледі.

Көрсетілген Заңды қабылдау қазіргі ақпараттық кеңістік жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздікке бала құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.

Осы Заңның қолданысқа енгізілуімен балаларды агрессивті, қатыгез, қоғамға жат әрекеттерге, құқыққа қайшы әрекеттерге итермелейтін, оларға психикасын зақымдайтын және бұзатын ықпалды азайту болжанады.

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Заң мәтінімен «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің www.zan.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы