Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

АО «Национальные информационные технологии»

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)–Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.

2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29 бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118 Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын қайта құру» туралы № 696 қаулысына сәйкес «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрамына кірді.

2016 жылы күшіне енген «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында айқындалғандай «ҰАТ» АҚ Ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымының Операторы ретінде келесі міндеттерді атқарады:

-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

- уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;

-ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;

-операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

-ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

-ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік органдардың жергілікті (Интернетке шыға алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады;

-мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін деректер беру бойынша қызметтер көрсетеді;

-«электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;

-Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

-«электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚҚазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Сол жағалау, Министрліктер үйі,16В кіреберіс

БАЙЛАНЫСТАР:

Бірыңғай байланыс орталығы

1414, 8 800 080 7777

Сенім телефоны

+7 (7172) 74 10 43

Баспасөз қызметі

+7 (7172) 74 05 96, +7 (7172) 74 09 16

Сатып алуды ұйымдастыру бөлімі

+7 (7172) 74 10 76

Мемлекеттік органдармен байланыс үшін

+7 (7172) 74 11 12

Қабылдау бөлмесі

Тел.: + 7 (7172) 74 10 70

Факс:+ 7 (7172) 74 13 30

E-mail:nit@nitec.kz

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы