Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың 17.04.2018 ж. Үкімет отырысындағы баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы,

құрметті әріптестер!

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі адам капиталын дамыту болып саналады.

Осы мемлекеттік бағдарламаның аясында 2022 жылы біз кезең-кезеңімен ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығын 83%  арттыруды жоспарлап отырмыз.

Ең алдымен «цифрлық сауаттылық» деген терминнің біріңғай түсінігін анықтап алуымыз қажет.

Қарапайым тілмен айтар болсақ, бұл адамдардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірі мен жұмысында еркін пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес экономика министрлігімен бірігіп, халықтың цифрлық сауаттылығына байланысты бірнеше деңгейді анықтадық:

Бірінші деңгейі, базалық. Бұл жерде компьютер мен мобильдік гаджеттерді пайдалана білу. Интернет арқылы ақпарат алу мен тағы басқа бағыттарды атауға болады.

Екінші деңгей транзакциялық бағыттарды меңгеру қабілеті. Яғни «электронды және ашық Үкімет» сервистерін пайдалана білу, қызметтер алу мен төлем жасау мүмкіндігін игеру.

Үшінші деңгей Интернет желілері арқылы сатып алу, сату және тауарды нарықта жылжыту қызметтерін еркін меңгеруге байланысты. Қарапайым тілмен айтқанда электронды саудаға икемді болу.

Төртіншісі, цифрлық құралдарды пайдалану. Мысал ретінде айтар болсам: Мобильді қосымшаларды еркін игеру, гаджеттердің жұмысын синхрондау және тағы басқа заттарды оңай падалану.

Бесіншісі, кәсіби деңгей. Бұл жерде бағдарламалау қабілетін және бағдарламалауға байланысты шешімдерді// өз еркімен құра білу қабілетін атауға болады.

Қазіргі таңдағы бағалауға байланысты, ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығының базалық деңгейі 77 % құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 78,5 % ұлғайту жоспарланып отыр.

Осы мақсатта бірқатар жұмыстар да атқарылды:

  1. Цифрлық сауаттылықты оқыту жөніндегі методикалық ұсыныстар дайындалды. Халықты цифрлық сауаттылыққа баулитын оқыту формасы мен категориясына қатысты талаптар қойылды.
  2. Базалық бағыттағы білім беру бойынша 4 бағдарлама әзірленді: Бұлар базалық цифрлық қабілет, ақпараттық және транзакциялық қабілет, электронды  коммерцияны игеру қабілеті.

Қазіргі уақытта халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға байланысты екі бағыт белгіленді.

Біріншісі орталық мемлекеттік органдар халық пен кәсіби кадрларға осы сала бойынша жан-жақты білім береді.

Ал екінші бағыт бойынша ел тұрғындарын жергілікті атқарушы органдар оқытатын болады.

Бірінші бағыттың аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулықсақтау министрлігі, Білім және Ғылым министрлігі мен Ауылшаруашылық министрлігі жауапты мемлекеттік органдар ретінде қатысады.

Аталған мемлекеттік органдар цифрлық сауаттылыққа байланысты қосымша білім беруге атсалысатын болады.

Бұл дегеніміз не?

Мысалы, қазір Ұлттық экономика министрлігі «бизнесті жүргізу бойынша» кәсіпкерлерді ауқымды оқыту жұмыстарын өткізіп жатыр. Демек, осы оқыту бағдарламасына цифрлық саланы да қосуды жоспарлап отырмыз.

Осыған ұқсас тәсілді педагог кадрлар мен тағы да басқа мамандардың біліктілігін арттыру кезінде пайдалану көзделген.

Оқытамыз деп жоспарлап отырған кәсіби мамандардың ортақ саны – 385 мың адам.

Сонымен қатар, 8 миллион азаматты мемлекеттік электрондық қызмет алуға және онлайн-сауда жүйесін игерту бойынша базалық білім берумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен «Қазпочта» Акционерлік Қоғамының базасында жүзеге асырылады.

Екінші бағыт бойынша жергілікті атқарушы органдар Халыққа Қызмет көрсету орталықтары және Қазпочтамен бірігіп, еліміздің шалғайда орналасқан барлық елді мекендерінде цифрлық сауаттылықты арттыруға байланысты шараларды атқаратын болады. 

Бұл 500 мың адамды қамтиды. Осы жұмыстарды  ағымдағы жылдың 1-ші маусымында бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Назарларыңызға рахмет!

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика