Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

2018 жылғы Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.

«Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес бір жылдық негізде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелуі мынадай жұмыстарды ұйымдастыру үшін жүргізіледі:

1)кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындыларды алу;

2)кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу;

3)кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде мынадай құжаттар пакетін ұсынады:

1)бекітілген нысан бойынша өтiнiш;

2)құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3)бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Құжаттар 2018 ж. 2 шілдеден бастап 2018 ж.16 шілдеге (қоса алғанда) дейін мынадай мекен жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңсесі.

тел: 74-10-12, 74-05-71, 8-707-420-07-40.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы