Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

12.02.2020 г.
республиканский фронт-офис волонтеров «BIRGEMIZ»

волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисының ашылуы өтті

2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты.

Фронт-офисты ашу кезінде Президент игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі екенін атап өтті.

«Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын асар дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша, Қазақстанда волонтерліктің бірте-бірте жалпыұлттық сипатқа ие болып келе жатқанын көруге болады.

«Бұл үдеріс Волонтер жылында атқарылатын іс-шаралардың арқасында азаматтарымызды одан әрі біріктіре түсетініне сенімдімін. Игі істер біздің мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды», – дейді Мемлекет басшысы.

Фронт-офистың ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша алаңдары таныстырылды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын (ерікті миссия) қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазірде елімізде 200-ден астам волонтерлік ұйымның жұмыс жасайтынын және онда 50 мыңнан астам ерікті тіркелгенін хабарлады.

«Мәселен, «Таза Қазақстан» акциясына 300 мың адам қатысты. Бізде Арысты қалпына келтіруде волонтерлердің белсенділігін көрдік. Оған жүздеген белсенді жас қатысты», - деді министр.

Іс-шара 2020 жылдың 12-13 ақпан аралығында өтеді.

Бірінші күні, 12 ақпанда:

-         Фронт-офис пен «qazvolunteer.kz» онлайн-платформасы жұмысының тұсаукесері;

-         «Игі істер» алаңдарының жұмысымен танысу;

-         Аймақтық үйлестірушілермен, еріктілермен, бастамашыл топтармен және ҮЕҰ-мен «BACK-ОФИСТЕ»  кездесу;

-         Волонтерлік аймақтарды көрсету;

-         Ресми тұлғалардың диалог алаңы форматында волонтерлермен кездесуі (ІІМ, ДСМ, МСМ, ЭГТРМ, БҒМ, ЕХҚКМ) өтеді.

Екінші күннің бағдарламасы, 13 ақпанда, жалпыұлттық тәжірибе, халықаралық және волонтерлік жобаларды келесі форматта таныстыру жоспарланған: оқыту семинары, тренинг, мастер-класс және мотивациялық сессия.

Тренер, модератор және спикер ретінде халықаралық және отандық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қайырымдылық ұйымдарының жетекшілері қатысады.

Фронт-офис бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталыққа айналатын болады.

Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру және мониторингтеу, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталығының жұмысын ұйымдастырады.

Волонтерлер жылының аяқталуы Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлер мен волонтерлік бастамаларды көтермелеуді көздейтін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика