Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

21.11.2018 г.
Вице-министр Дарын Туяков провел переговоры с коллегами из России и Беларуси по вопросам связи и цифровизации

Вице-министр Дарын Тұяқов байланыс және цифрландыру мәселелер бойынша Ресей мен Беларусь әріптестерімен кездесті

2018 жылдың 16 қарашасы күні Мәскеуде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрі Д.Ш. Тұяқов Ресей Федерациясы цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің Кеңесшісі М.В. Мамоновпен кездесті. Кездесу барысында қос тарап Еуразиялық Экономикалық Одақтың цифрлық тәртібін жүзеге асыру аясында екі жақты әріптестікті нығайтуға және цифрландыруды дамыту мәселелерін бірігіп шешуге уағдаласты. Сондай-ақ Қазақстандық тараптың Еуразиялық Экономикалық Одақтың цифрлық тәртібін жүзеге асыру аясында біріккен кәсіпорын (консорциум) құру туралы ұсынысы талқыланды.

2018 жылдың 19 қарашасында Вице-министр Д.Ш. Тұяқов Беларусь Республикасы байланыс және ақпараттандыру министрі К.К. Шульганмен кездесті. Кездесу қортындысы бойынша екі жақ инфрақұрылымды  (консорциум немесе инфрақұрылым операторларын біріктіру) дамыту бастамасын қарастыру туралы келісімге келді. Сонымен қатар, электрбайланысын бақылаумен айналысатын Республикалық унитарлық кәсіпорын «БелГИЭ» өкілдерімен кездесу өтті. Бұл кездесу барысында жоғарыжиілік құрылғылардың радиожиілік құралдарын бақылап, мониторингтен өткізу мәселелері талқыланды. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы