Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

23.07.2019 г.
Состоялось закрытие Летнего лагеря для школьников-этнических казахов, проживающих за рубежом

Шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған Жазғы лагерьдің жабылу салтанаты өтті

Ағымдағы жылдың 23-ші шілдесінде Шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы базасындағы Жазғы лагерьдің жабылу салтанаты өтті.

Жоба «Отандастар Қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ қаржыландыруымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан болатын.

Жазғы лагерьге алыс-жақын шетелдерде (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран, Моңғолия) тұратын 12-17 жас аралығындағы 150 бала қатысты. Олар өздері тұратын аймақтарда өткізілетін олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен номинанттары, халықаралық конкурстардың, турнирлердің, фестивальдардың қатысушылары және т.б. қатарынан  конкурстық негізде таңдалды.

Жазғы лагерьдің екі апталық оқу-танымдық бағдарламасы балаларға елордасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан еліміздің мәдени, тарихи, әлеуметтік маңызы зор нысандарымен, ескерткіштерімен, өндірістік кәсіпорындарымен, «Бурабай» ұлттық табиғи саябағымен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, этникалық қазақ балалары лагерь аясында қазақ тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, тарихын, ұлттық аспаптары мен ойындарын, физика, химия сынды ғылым салаларын меңгеру курстарынан өтті. Сондай-ақ, қатысушылар үшін ТЕДх форматындағы қызықты шаралар ұйымдастырылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика