Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

29.11.2019 г.
Сотрудничество в рамках Отраслевой комиссии продолжается

Салалық комиссия шеңберінде ынтымақтастық жалғасуда

А.ж. 26 қарашасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде вице-министр Н. Мауберлинованың төрағалығымен Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 11 кәсіптік стандарт қарастырылды («Ақпараттық агенттіктердің қызметі»; «Кинофильмдер, видео және телевизиялық бағдарламаларды тарату бойынша қызмет»; «Кинофильмдер, видео және телевизиялық бағдарламаларды әзірлеудің өндірістен кейінгі кезеңі»; «Веб-порталдардың қызметі»; «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды өңдеу бойынша қызмет»; «Кәсіптік қоғамдық ұйымдардың қызметі»; «Газеттерді шығару», «Журналдар мен мерзімді жарияланымдарды шығару»; «Бұқаралық ақпарат құралдарына жарнаманың ұсынылуы»; «Кино-, видеофильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды өндіру бойынша қызмет»; «Радио хабарларын тарату»; «Телевизиялық бағдарламаларды жасау және трансляциялау бойынша қызмет»).

Кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.

Кәсіптік стандарттар студенттерді оқыту және оларды жұмысқа орналастыру бөлігінде жұмыс берушілер мен оқу орындарының қызметін үйлестіру мақсатында әзірленеді.

Талқылау нәтижесінде Салалық комиссияның мүшелері БАҚ саласындағы 11 кәсіптік стандартты келісу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес оларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді.

Сондай-ақ Салалық комиссияның мүшелеріне Салалық келісімнің жобасы ұсынылды. Ол тараптармен талқылауды қажет етеді.

Анықтама үшін: Салалық комиссия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 01.08.2019ж. № 259 бұйрығымен құрылды. Салалық комиссияның құрамына Министрліктің өкілдері, жұмыс берушілердің өкілдері және салалық кәсіподақтар тұлғасындағы қызметкерлердің өкілдері кіреді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика