Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

07.11.2019 г.
6 ноября 2019 года под председательством  министра информации                     и общественного развития Даурен Абаева состоялось очередное заседание Комиссии по вопросам доступа  к информации.  В заседании Комиссии приняли участие депутаты Парламента, представители центральных государственных и местных исполнительных органов, неправительственных организаций и экспертного сообщества в сфере доступа к информации.  На заседании Комиссии обсуждались вопросы участия общественности в процессах публичного обсуж

Мемлекеттік органдар бюджеттерінің ашықтығы және халықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мәселелері – ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның басымдықтарының бірі

2019 жылғы 6 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Дәурен Абаевтың төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында «Ашық НҚА» (legalacts.egov.kz) порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ,  «Ашық бюджеттер» (budget.egov.kz) порталындағы бюджеттер жобаларын жария талқылау процестеріне халықтың қатысуы мәселелері талқыланды.

Комиссия жұмысын аша отырып, министр комиссия жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оның жаңа мүшелерін – Парламент Сенатының депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Утебаева Зере Орынтайқызын таныстырды.

Алғашқылардың бірі болып Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков сөз сөйледі, ол «Е-Заңнама» ақпараттық жүйесі, сондай-ақ нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы туралы айтып берді.

Аталған заң жобасы аясында заң жобаларына жасалатын  «Атамекен» ҰКП-ның, сараптамалық және қоғамдық кеңестердің сараптамалық қорытындыларын «Ашық НҚА» порталына көшіру жоспарлануда.   Сондай-ақ, жобаны порталда орналастыру туралы мүдделі тұлғаларды автоматты түрде хабардар ету функционалы көзделеді. Осылайша, Олжас Данабеков атап өткендей, «Ашық НҚА» порталы НҚА жобаларын талқылау үшін бірыңғай алаң бола алады.  

Сондай-ақ, комиссия отырысында «Ашық бюджеттер» порталында жарияланатын ақпарат тізбесін қайта қарау мәселесі бойынша Қаржы министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қаржы министрлігі «Ашық бюджеттер» порталын «Е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр. Онда бюджеттің атқарылуы жөніндегі деректер бар, ал 2020 жылдың соңына қарай «Мемлекеттік жоспарлау» ақпараттық жүйесінен жоспарланатын бюджет бойынша мәліметтерді «Ашық бюджеттер» порталына беруді қөздейді.

Осы шаралар деректердің шынайылығын, уақтылы орналастырылуын және сапасын (қолмен енгізу кезінде адами факторды алып тастауды), сондай-ақ деректерді машинамен оқылатын түрде жариялауды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, Ақпарат және қоғамдық даму министрі халықтың бюджеттік бағдарламалар жобаларын талқылау үдерісіне тартылу деңгейінің төмендігін атап өтті.

Отырыс соңында Парламент Сенатының депутаты Н. Жүсіп комиссия жұмысының маңыздылығы: халықпен кері байланыс орнатуда және мемлекеттің халық алдында ашықтығын қамтамасыз етуде екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері нақты ұсыныстар берді.

Комиссия мүшелері – Рақым Ошақбаев («Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы» ҚҚ директоры) және Ольга Диденко («Internews Kazakhstan» заңгері) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін мемлекеттік аудит нәтижелерін ашық қол жеткізуде жариялау қажеттілігіне назар аударды.

Рахым Ошақбаев сондай-ақ Қаржы министрлігінің өкілдерін үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтасуға, сондай-ақ бюджетті бекітудің барынша транспарентті кезеңін жасауға шақырды.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Комиссияның келесі отырысын өткізу желтоқсанның бірінші онкүндігіне жоспарланды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы