Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

10.01.2020 г.
Презентованы итоги аналитической работы в сфере модернизации общественного сознания

Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы талдамалық жұмысының қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өтті

2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ақпарат  және қоғамдық даму вице-министрінің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлер бөлінісіндегі іске асырылуын талдау нәтижелерін таныстыру бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Министрліктің және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.

Институт Бағдарламаны ілгерілету стратегиясын әзірлеумен және іске асырумен, Бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеумен, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету, дін саласындағы жағдайды зерделеу, азаматтық қоғамдағы процестерді болжау, ғылыми зерттеулер жүргізу және мемлекеттік жастар мен отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырумен айналысады.

Кеңес барысында 2019 жылғы «Қоғамдық сананы жаңғырту. Халықаралық тәжірибе» талдау жұмысы және Бағдарламаның іске асырылу қорытындылары, сондай-ақ үздік табысты жобалар таныстырылды.

Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары еліміздің негізгі идеологиялық құжаттары болып табылады.

Баяндамашылардың сөзі бойынша, өткен кезеңде «Туған жер» жобасы аясында 4 мыңға жуық әлеуметтік маңызды нысан (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт нысандары және т.б.) құрылды және жаңғыртылды, республиканың дамуына 275 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған 12 мыңға жуық меценат тартылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа пәндер бойынша әлемдік ойдың алтын қорының 47 кітабы аударылып, жарияланды, «Қазақстанның ашық университеті» платформасына 116 жоғарғы оқу орны қосылды, 7 225 адам тіркелді.

Халық арасында ерекше қызығушылықа ие жобалардың тағы бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жаңа заман тұлғаларын қалыптастыруға бағытталған. Олардың қатарында мәдениет қайраткерлері, спортшылар, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер және өзге де кәсіби тұлғалар бар. Ағымдағы кезеңде еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам өтінім қабылданып, жеңімпаздар анықталды.

Сонымен қатар, кеңес барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы өңірлердің ең үздік жобаларының жинағы таныстырылды.

Үздік жобалар жинағы қоғамдық сананы жаңғыртудың ең тиімді әдістері мен тәсілдері ретінде іріктелген 25 жобадан тұрады. 

Оның ішінде Алтын Орданың 750 жылдығына орай Алматы облысында қойылған Орбұлақ шайқасының тарихи қайта құрылуы.

Ал Жамбыл облысындағы «Кітап оқып, миллионер бол!» атты оқушылар арасындағы сайыс халықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Ұйымдастырушылардың негізгі ойы жастардың кітап оқуға деген ынтасын ашу, қағаз басылымдарға деген сүйіспеншілігін арттыру және оларды Интернеттен аластату болды.

Жалпы, қоғамдық сананы жаңғыртудың басты мақсаты –  жауапкершілігі  мол білікті тұлғалардың бірыңғай ұлтын қалыптастыру. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, заман талаптарына сай дамыған тұлғаларды қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараның онлайн-трансляциясы Министрліктің ресми  интернет-ресурсында жарияланды. 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика