Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

14.02.2020 г.

Қазақстандық делегация діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі сараптамалық Жұмыс тобының отырысына қатысты

10-11 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов бастаған қазақстандық делегация Вашингтонға барып, діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.  АҚШ делегациясын АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі С. Браунбэк басқарды.

Отырыс барысында халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері сәтті негізде талқыланды, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу болды. Бұдан бұрын қабылданған ынтымақтастықтың Жол картасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.

Сапар барысында ҚР делегациясы АҚШ конгресінде Халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР Елшілігіндегі АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары мен діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелдердің отырысына  қатысты.

Бұдан басқа, АҚШ азаматтарын қайта әлеуметтендіру және оңалту бойынша жұмыс тәжірибесін зерттеу мақсатында «Бойз Таун» оңалту орталығына барды. Тараптар Нұр-сұлтан қаласында СЖТ-ның үшінші отырысын өткізуге келісті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика