Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

03.02.2020 г.
Даурен Абаев обсудил с министром ислама Саудовской Аравии вопросы реабилитации граждан, подвергшихся влиянию деструктивных религиозных течений

Дәурен Абаев Сауд Арабиясының Ислам істері министрімен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері және уағыз-насихат министрі Абдель Латиф аль-Шейхпен бірге деструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселесі аясында ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Аталған мәселені талқылау мүмкіндігі 2020 жылдың 2 ақпанында Эр-Рияд қаласында өткен кездесу кезінде бұйырды.

Дәурен Абаев Қазақстан Сауд Арабиясының бүкіл әлемде исламның рөлін нығайтуға, ислам дінінің шынайы, бейбітсүйгіш мәнін шыдамды және барлық халықтарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

 «Біз бүгін Сауд Арабиясы радикалды экстремизм мен терроризмге қарсы шешімді түрде күрес жүргізетінін білеміз. Қазақстан экстремизм мен терроризмнің барлық нысандары мен көріністерін әрқашан айыптайды және осы құбылысты жою үшін әлемдік қоғамдастықтың тиімді ұжымдық күш-жігерін қабылдауын қолдайды», - деді министр.

Шейх Абдель Латиф аль-Шейх Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы бауырластық қатынастардың тереңдігі мен беріктігін атап өтіп, Патшалық ислам діні кең таралған елдердегі бауырластарымен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын баса айтты.

 «Рақымды патша және әділ имам Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд және Жоғары мәртебелі ханзада басқарған Корольдік әлемдегі барлық мұсылмандардың мүдделерін ескеруге тырысады және Ислам дінін оның дұшпандары болып табылатын экстремистер мен террористердің зиянды әсерінен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деді шейх.

Тараптар рухани және діни саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдары туралы және Исламның қазіргі жағдайының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер радикалды діни ағымдардың алдын алуы бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу, атап айтқанда, халықты экстремистік діни идеологияның әсерінен қорғау үшін контрпропагандалық жұмыстар жүргізу арқылы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Сауд Арабиясындағы әріптестерінің озық тәжірибелерін зерттеу аясында Дәурен Абаев Мұхаммед бен Наиф атындағы оңалту орталығының қызметімен танысты және Қорғаныс министрлігіне қарасты Идеологиялық соғыс орталығында болды.

Сонымен бірге, Эр-Риядта Дәурен Абаев Сауд Арабиясының ақпарат министрі Турки бен Абдулла әл-Шабанмен кездесті. Министрлер БАҚ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады және екі елдің ірі ақпараттық агенттіктері - «ҚазАқпарат» АА мен «Саудтық ақпарат агенттігі» арасында меморандум жасасуға келісті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика