Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

07.11.2019 г.
Даурен Абаев

Дәурен Абаев Ресей мен Қазақстан жастары көшбасшылары Форумының жабылу салтанатына қатысты

Ресей Федерациясының Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның жас көшбасшылары форумының қорытынды пленарлық отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты.

«Мен Ресей тарапына форумды жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Биылғы жылы қазіргі және болашақ жастар саясатына жақсы негіз қаланды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осы бағытта Ресей тарапы бізді Қостанайдағы форум кезінде жақсы қолдады. Келесі жыл «Волотер жылы» деп жарияланды, сондықтан біз бұл ынтымақтастықты жалғастыратынымызға сенімдімін. Сонымен қатар, біздің халықтарымыз маңызды мерейтойлық күнді - Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді », - деді министр жиналғандарға.

Дәурен Абаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар екі елдің жас көшбасшылары үшін жас ұрпақтың ең өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылауға, батыл бастамалар мен ұсыныстарды дауыстап айтуға, өз жобаларын жүзеге асыруда тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болып табылады.

Айта кету керек, қорытынды пленарлық отырыстың аясында екі ел жастарының үкіметтік емес ұйымдары арасында 7 екіжақты келісімге қол қойылды.

Бұдан бөлек, екі тарап бірқатар бірлескен жобаларды, соның ішінде волотерлық іс-шаралар тізбесін, Қазақстан мен Ресейдегі еріктілер ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен Волонтерлар Кеңесінің Бірінші Съезін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың бірлескен бағдарламасын және тағы басқа ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Оған қоса, Ресей мен Қазақстан жастары көшбасшылары Форумы алғаш рет өткізіліп, 100-ден астам адамды: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері, еріктілер, студенттер, журналистер және блогерлер қауымын жинағанын атап кету керек.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы