Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

06.09.2019 г.
Семья создает ценности, ценности создают семью

Дәурен Абаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Барша қазақстандықтарды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның гүлденуі, оның тұрақты және үдемелі дамуы үшін мықты, білімді, әлеуметтік және экономикалық белсенді отбасы өте маңызды.

Сірә, дәл отбасы институтының бекемдігі бүкіл қоғам  табысына ықпал етері анық.  Сондықтан оны қолдау және нығайту, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, аналар мен балалардың денсаулығын сақтау, демографиялық жағдайды жақсарту үшін жағдай жасау мемлекеттің басты міндеті болып табылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отбасы мен балаларды қолдау –  мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар ерекше назарда. Сондай-ақ, маңызды міндеттердің бірі - әлеуметтік аспектілерге, мысалы, отбасылық кәсіпорынды құруға баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын енгізу.

Бүгінгі таңда елімізде отбасылардың жағдайын нығайту бойынша кешенді әлеуметтік шаралар қабылдануда. «Нұрлы жер» және «Бақытты  отбасы» бағдарламалары аясында тұрғын үй жағдайлары жақсартылуда. Сонымен қатар, жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы баспана сатып алады деген болжам бар.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 8 облыста отбасылық соттардың ресурстық орталықтарын құру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Осы уақыт аралығында 600-ден астам адам мамандарға жүгінді, 250-ге жуық неке сақталды. Мұндай жұмыстар жүйелі негізде жүргізілетін болады.

Өзара құрмет, сүйіспеншілік, қолдау және ынтымақтастық сияқты отбасылық құндылықтарды сақтау және жақсарту арқылы қазіргі жылдам өзгеріп жатқан әлемде ұлттық бірегейлігіміздің мызғымастығына қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Осындай керемет күнде мен барлық отбасыларға мықты денсаулық, өзара түсіністік, береке мен өркендеу тілеймін.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы