Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

17.03.2020 г.
Даурен Абаев встретился с Верховным муфтием Казахстана

Дәурен Абаев Бас мүфтимен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Өтпеновпен кездесті.

Кездесу барысында министр Наурызбай Өтпеновті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайлануымен құттықтап, Діни басқарманың қызметін одан әрі жетілдіру, алдағы жоспарларына қатысты мәселелерді қозғады.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына арнаған үндеуін назарға ала отырып, қоғамды алаңдатқан коронавирус көптеген елдерде таралып үлгергенін және осыған орай ҚМДБ тарапынан мұсылман жамағаты арасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Министрлік пен ҚМДБ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика