Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

13.03.2020 г.

Д.Абаев ҚР Парламенті Мәжілісінде бейбіт жиындар туралы заң жобасына енгізілген түзетулермен таныстырды

12 наурыз күні ҚР Парламентінің Мәжілісінде "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары таныстырылды.

Заң жобаларының негізгі ережелері туралы депутаттарға  ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді.

Жаңа Заңның жаңашылдықтарының бірі - бейбіт жиындарды пикет, митинг немесе жиналыс  түрінде өткізу туралы хабардар ету тәртібін енгізу. Сонымен қатар, егер жергілікті органнан жауап келмесе, бейбіт жиын келісілген болып саналады. Ал демонстрация мен шеру өткізетіндер жергілікті атқарушы органның келісімін алуға міндеттеледі.

Сондай ақ, заң жобасында бейбіт жиындарды тек арнайы балама орындарда ғана өткізу қарастырылған.

"Бейбіт жиындар тек арнайы орындарда өтеді. Мұндай орындарды анықтау кезінде бейбіт жиын мақсатына қол жеткізу мүмкіндігі, ұйымдастыру қолайлылығы, көліктің жүруі, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың инфрақұрылым нысандарын пайдалану мүмкіндігі, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуы, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігі ескеріледі", -деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, заң жобалары  бойынша Қазақстанның 9 қаласында қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық пікір мен әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері зерттелді және азаматтардан «Ашық деректер» порталына 261 пікір келіп түсті. Осы уақыт аралығында үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың ұстанымдары ескеріліп, бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Әрине, кейбір жекелеген сұрақтар бойынша пікірталастар өте қызу өтті. Мысалы, аты шулы 250 адам. Президент бұл санға қатысты пікірін білдірді және бейбіт жиналыстар қатысушыларына шектеулер енгізуді орынсыз деп санайды. Сонымен бірге, ұйымдастырушылар билікті митингке қатысушылардың жоспарланған саны туралы хабардар етуі керек, бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды », - деді Д. Абаев.

 Оның айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық қауіпсіздік әлемнің көптеген елдерінде бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізудегі басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Басқа да жаңашылдықтар арасында - Заңда ұйымдардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың, журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін және мемлекеттік органдардың құзыретін бекіту, үгіт институтын енгізу, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды қабылдамау, тоқтату және тоқтата тұру негіздерінің толық тізімін жасау.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика