Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

15.12.2017 г.
Государственная программа «Цифровой Казахстан» утверждена Правительством страны

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Үкімет тарапынан бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы  мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. 

Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте «Қазіргі экономиканы цифрландыру» және ұзақ мерзімді келешекте  «Болашақтың цифрлық индустриясын құру».

Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланың экономиканың жаңа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру».

Бағдарлама аясындағы іс-шаралар нәтижесінде экономика салаларындағы еңбек көрсеткіштерінің өсімінен бөлек, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6% дейін өсіру, цифрландыру арқасында 300 000 жаңа жұмыс орындарын ашу, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82% дейін, ал халықтың цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарлануда.

«Цифрлық Қазақстан» адам өмірнің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен  бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер  1,7 – 2,2 трлн. теңге көлемінде қосымша баға  жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болуы мүмкін.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы