Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

12.07.2019 г.
Центры во имя мира и диалога

Бейбітшілік пен диалогқа арналған орталықтар

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы А. Әбибуллаев Венада Сауд Аравиясының Королі Абдалла бен Абдель Азиз атындағы халықаралық дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшылығымен кездесті (KAICIID).

Ортақ мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, күн тәртібіндегі өзекті дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы, сондай-ақ қазіргі әлемдегі түрлі діндер мен мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің ұстанымдары мен принциптері туралы талқылады.

KAICIID қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделіне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, KAICIID тұрақты түрде өтетін форумдар мен іс-шараларға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын құрметті мүше ретінде қатысуға шақырылды.

Тараптар конфессияаралық және өркениетаралық диалог саласында өзара тиімді және институционалдық ынтымақтастықты орнатуға негізделген нақты жобалар мен бағыттарды анықтады.

KAICIID (https://www.kaiciid.org) – Сауд Арабиясы Корольдігінің, Австрия Республикасының және Испания Корольдігінің құрамына кіретін үкіметаралық ұйым. Құрылған уақыттан басынан бастап күні бүгінге дейін KAICIID Бас хатшысы Файзал Бен Абдулрахман бен Муаммар басқаруда.

KAICIID-тің негізгі қызметі адамның құқықтары мен бостандығын нәсілдік, жыныстық, тілдік немесе діни ерекшеліктеріне қарамастан сақтап, құрметтеу.

KAICIID жанынан құрылған әр түрлі діндердің, мәдениет және халықаралық ұйымдардың жүзден астам өкілін қамтитын Консультативтік форум бар.

Орталықтың мақсаты – конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты жаһандық деңгейде дамыту.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы