Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

29.06.2018 г.
Лучших журналистов в области печатной, радио- и интернет-журналистики наградили национальной премией "Үркер"

Баспасөз, радио және интернет саласындағы үздік тілшілер «Үркер» ұлттық сыйлығымен марапатталды

Астанада баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы II - «Үркер» ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Марапаттау рәсіміне белгілі журналистер мен тележүргізушілер, фотосуретшілер, эстрада мен шоу-бизнес жұлдыздары сондай-ақ танымал вайнерлер қатысып, сән-салтанатпен қызыл кілемшемен жүріп өтті.  

 Биылғы жылы ұлттық сыйлық екінші рет өткізілді. Ұлттық сыйлық баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында үздік жетістікке жеткен сондай-ақ өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген, әрі баспасөз саласының беделін көтеруге атсалысқан, кәсіби стандарты мен талаптары бекітілген, оны насихаттан ерекшелеп тұрған сондай-ақ қоғамның азаматтық белсенділігін көтеруге үлес қосып жүрген мамандарға беріледі. Ұйымдастырушылар биыл 2 номинацияны қосты, олар: жыл вайны және «Астананың 20-жылдығына арналған материалдар». Барлығы 1056 өтініш берілді. Қазылар алқасы құрамына енген танымал қоғам қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдері әр номинация бойынша оза шапқан кіл мықтыларды анықтады.   

Сонымен биылғы жылдың үздіктері:

  • Үздік аналитикалық материал – Әсел  Мұқанова , «Казахстанская правда» газеті;
  • Үздік халықаралық аналитикалық материал - Сауле Исабаева – «Central AsiaMonitor»;
  • Үздік фото - Турар Казангапов, Tengrinews ;
  • Үздік репортаж-  Илья Астахов, Today.kz ;
  • Астананың 20 жылдығына арналған материал - Ғалым Өмірханов, «Қазақ газеттері»;
  • Қазақстан туралы үздік танымдық материал - Яков Федоров,  «Yvision»;
  • Үздік сұхбат - Гүлзина Бектасова - "Айқын" газеті;
  • Үздік журналистік зерттеу - Асқар Жалдинов, "Время" газеті;
  • Іздік Интернет-БАҚ  - Informburo.kz ;
  • Үздік республикалық мерзімді басылым - Егемен Қазақстан;
  • Үздік аймақтық баспасөз басылымы - "Жетісу" газеті;
  • Үздік аймақтық радиостанция - "Жұлдыз FM" радиосы;
  • Үздік радиостанция - "Шалқар" радиосы;
  • Үздік вайн - Нұрлан Батыров.

Сонымен қатар «Экономика және қаржы туралы үздік материал» арнайы номинациясы бойынша «Капитал» газеті танылды.

Өз саласының үздігі танылған жеңімпаздарға естелік статуеткалар және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы