Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

23.05.2018 г.
В Алматы начал свою работу XV Евразийский медиа форум

Алматыда XV Еуразия медиа форум басталды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев XV Еуразия Медиа Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды.

«Елбасының жолдауын оқу мен үшін үлкен құрмет. Құрметті қатысушылар, құрметті қонақтар! Сіздерді мерейтойлы XV Еуразия Медиа Форумның ашылуымен құттықтаймын. Жыл сайын форум кең ауқымды мәселелер бойынша ашық және әділ диалогқа дайын медиа саласының кәсіби мамандарын біріктіреді. Бүгінгі күн тәртібіндегі «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріс әкелген әлем» тақырыбы 2018 жылы Астана экономикалық форумның күн тәртібімен үндес болып келеді және журналистік қауымдастыққа бір-бірімен аса маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беріп отыр» - деді Дәурен Абаев.

Еуразиялық Медиа Форум жыл сайын 60 –тан астам елден 500 аса делегаттарды жинайды. Биыл іс-шара «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріс әкелген әлем» тақырыбымен өтіп отыр. Іс-шараның басты тақырыбы әлемнің жаһандық қайта құрылуы, қазіргі замандағы сенім дағдарысы мен елдер арасындағы өзара әрекеттесудің болжамды сценарийлері, әрі жасыл экономика концепциясы болып отыр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы