Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Жаңалықтар

09.07.2018 г.
В Акмолинской области открылся «Археолого-этнографический музей под открытым небом «Ботай – Бурабай»

Ақмола облысында ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» археологиялық және этнографиялық мұражайы ашылды

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Рухани Жанғыру» бағдарламасының «Сакралды география» жобасы аясында «Ботай-Бурабай» археологиялық және этнографиялық мұражайы ашылды. Парктің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммункациялар министрі Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин, ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ашылу салтанаты Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орайластырылған бірегей парк диаметрі 8-10 метрді құрайтын, Ботай дәуірінің кезеңіндегідей етіп салынған жеті үйден тұратын сәулет және мәдени ансамбль болып табылады. Үйлердің негізі ретінде тереңдігі 1 метр болатын шұңқырлар қазылған. Шұңқырлардың үстіне ағаштан күмбездер салынып, олардың арасы шөппен толтырылған, үстін сабанмен жауып бетіне аңдардың терілері жабылған. Барлық үйлер өзара жерасты жолымен біріктірілген. Әр үйдің өзіндік ерекшелігі мен пайдалану мақсаты бар, біреуі адамдар өмір сүретін жер болса, екіншісі бие байлайтын қора, кейбіреулерінде қонақтар өткен дәуірдің кәсіптерін өз қолдарымен жасап көру мүмкіндігін алады.

2017 жылы Ақпарат және коммункациялар министрлігі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету тарихы мен Ботай дәуірінің мәдениеті туралы ақпарат беретін «EQUUS жылқы тарихы» атты халықаралық ғылыми кинотрилогияны түсіру жұмыстарын бастаған болатын.

Аталған брендтті дамытып, танымал ету және Ботай мәдениетінің мұражайын ашу идеясы, Бурабай ауданының аумағында «Ботай-Бурабай» визит орталығын» салған Ақмола облысы әкімдігінен қолдау тапты. Ботай дәуірінің мәдениеті Орал және Ертіс өзендерінің арасында ертеде кеңінен тараған болатын.

Жоба мақсаты – Қазақстан халқының ертедегі мәдени салт-дәстүрлерін дәріптеу, Қазақстан халқының әлемдік мәдени қазынаның дамуына қосқан үлесін таныстыру және Ақмола облысының туристік индустриясын дамыту.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы