Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің  Директоры

Андабаев Мираз Мұратұлы

1987 жылдың 23 қаңтарда дүниеге келген.

2010 жылы, халықаралық қатынастар Бакалавры дәрежесін алып, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірді.

2017 жылы «Тұран-Астана» университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару Магистрі дәрежесін алды.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде атташе.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы.

2015 жылдан 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі.

2016 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Cыртқы байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары

Кожина Әсел Нұржанқызы

1990 жылдың 26 желтоқсанда дүниеге келген.

2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің сарапшысы.

2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы.

2019 жылғы сәуірден бастап желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Екіжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы.

2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика