Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаментінің директоры

Хамзин Данияр Айтжанович 1978 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Сатпаев қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. И. Сәтпаев (инженер-экономист), 2006 жылы Орталық Азия университеті (Заңгер).

12.04.2002-04.07.2002 бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы, ҚР Әділет министрлігі.

05.07.2002-06.07.2004 Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы, ҚР Әділет Министрлігі.

07.07.2004-13.04.2005 ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Әкімшілік-қаржы-экономикалық департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

14.04.2005-22.05.2007 қаржы департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ҚР Әділет министрлігі.

28.05.2007-31.03.2008 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

01.04.2008-16.03.2009 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу департаменті нормативтік-құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.

01.06.2009-19.10.2009 "Астана Медицина Университеті"АҚ сатып алу секторының маманы.

20.10.2009-10.03.2010 "Республикалық диагностикалық орталық" АҚ жетекші маманы, сатып алу бөлімінің бастығы.

11.03.2010-28.07.2010 "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" АҚ сатып алу бөлімінің бастығы.

29.07.2010-17.04.2011 "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ "Демеу-ҰМХ"ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы.

18.04.2011-06.03.2013 "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ "Демеу-ҰМХ" ЖШС әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры.

12.09.2013-28.04.2014 "Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс корпорациясы" АҚ Әкімшілік департаментінің директоры.

10.06.2014-13.10.2014 қаржы жұмысы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының м. а., ҚР Өңірлік даму министрлігі.

14.10.2014-26.10.2018 экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қ.

2018-2019 ж. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қаржы департаментінің директоры.

2019 жылдың 1 сәуірінен бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті директоры.

2015 жылы "Қазақстан Конституциясына 20 жыл"мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл"мерекелік медалімен марапатталды.

2017 жылы ҚР ҰЭМ Құрмет грамотасын алды.


Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті директорының орынбасары

Сыздық Айбар Сансызбайұлы 1986 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде дүниеге келді.

2008 жылы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін (Экономика, Қаржы), 2017 жылы – Қаржы Академисын (Экономика және бизнес) тәмамдады. 

2005 – 2008 жылдар аралығында «Қаржы орталығы» АҚ да, 2008 – 2010 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде әртүрлі лауазымдардағы қызметті атқарған.

2010 жылы «Президенттік мәдениет орталығы» ММ Экономика және қаржы басқармасының бас экономисті.

2011 жылы «ҚР Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК Қаржы департаментінің Бас маманы.

2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде әртүрлі лауазымдардағы қызметті атқарған.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің Білім бюджеті басқармасының бас сарапшысы.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам, Қоғамдық даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Бюджетті жоспарлау және атқарылуы басқармасының басшысы.

2019 жылдың 1 сәуірінен бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті директорының орынбасары болып табылады.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
яндекс.ћетрика