Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Оспанов Абылайхан Есенұлы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы.

2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Информатика» мамандығы бойынша, 2015 жылы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖМ штаб басшысының орынбасарынан бастаған. ІТ саласында жобалар басқармасының басшысы болып, сондай-ақ  ҚР ІІМ Техникалық қызметі департаментінде жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап Байланыс және ақпарат министрлігінің департаменттерінде, Транспорт және коммуникациялар министрлігінде, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде басшы лауазымдарда жұмыс істеген. «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісі және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  болған.

2017 жылғы 26 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 

Аманжулов Рашид Мажитұлы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Агротехникалық сервис» мамандығы бойынша; 2005 жылы Орта Азиялық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласының әкімдігі Кіші бизнес департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастады. 2006 жылдан бастап Алматы қаласының әкімдігінде, Астана қаласы әкімінің аппаратында, Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында, ҚР Қорғаныс министрлігінде басшы лауазымдарда қызмет атқарған.

2017 жылғы 26 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Ғалым Нұрғазыұлы Нұрғазиев

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары

1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2012 жылы –  Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Азия Бизнес» ЖШС-да бастаған. Сонымен бірге әр жылдары «Жетісу» ОӨО, «Даур Лимитед» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыржол компаниясы» АҚ  басшы лауазымдарында жұмыс істеген. ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментін басқарған.

Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен «Азаматтарған арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Контакты

Байланыс ақпараты

  • Қабылдау бөлімі: телефон: +7(7172) 27 06 53
  • Кеңсе: тел./факс: +7 (7172) 27 06 56 (ішкі 132)
  • Баспасөз қызметі: +7 (7172) 27 06 58 (ішкі 109)

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы