Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Републикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

Департамент:

Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасынан (бұдан әрі – ТСЖБ);

Архитектураны енгізу және цифрландыру басқармасынан (бұдан әрі – АЕЦБ);

Жинақтау жұмысы басқармасынан (бұдан әрі – ЖЖБ) тұрады.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы