Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Адалдық алқасы

2019 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында 2019-2020 жылдарға арналған «Адалдық алқасы» жобасының жарғысына қол қойылды.

«Адалдық алаңы» жобасының арнайы миссиясы күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде пилоттық бағыттардың апробациясы мен жүзеге асырылуы негізінде құрылуда. Бұдан басқа, Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін негізгі факторларды анықтады. «Адалдық алаңы» жобасының негізгі бағыттары мен міндеттері осы факторларды жоюға негізделген. Жобаның негізгі бағыттары:

1) қолайлы орта (мемлекеттік қызметтердің сапалы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету);

2) дербес жауапкершілік;

3) ашықтық және қоғамдық бақылау;

4) мемлекеттік сатып алу;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.

«Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде белгіленген қызмет міндеттерін жүзеге асыратын жобалық топтарды қолдау және үйлестіруге бағытталған жоба кеңсесі құрылды.

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы