E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Regulation

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті туралы

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, басқа да заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

Этносаралық қатынастар саласындағы қызметті әдістемелік және құқықтық сүйемелдеу басқармасы (бұдан әрі – ӘҚСБ);

Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасы (бұдан әрі – ОДБ);

Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг басқармасынан (бұдан әрі – ТМБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. ӘҚСБ:

1.1. Міндеті: Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.

Функциялары:

іске асырылатындар:

1) Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

2) жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

4) басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерді қарау;

5) Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттардың іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін талдауға қатысу;

6) этносаралық келісім саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

1.2. Міндеті: қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

реттеуші:

1) этносаралық қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қарауға қатысу;

іске асырылатындар:

2) этносаралық қатынастар саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;

3) Департаменттің құзыреті шегінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қабылданған актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;

4) ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде этносаралық қатынастар саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету.

2. ОДБ:

2.1. Міндеті: шетелде тұратын отандастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруда Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

іске асырылатындар:

1) Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

2) жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

4) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

5) диаспоралармен жұмысты және шетелде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асыру.

реттеуші:

6) Департамент құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді қарауға және әзірлеуге қатысу.

2.2. Міндеті: шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау сұрақтары бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға ұсынымдар әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

іске асырылатындар:

1) шетелде тұратын этникалық қазақтардың және отандастардың жағдайын мониторингтеу және талдау;

2) шетелде тұратын отандастарды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

4) шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу;

5) шетелде тұратын отандастардың жағдайы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау.

3. ТМБ:

3.1. Міндеті: қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

іске асырылатындар:

1) Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

2) жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;

4) Басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

5) республикадағы этносаралық келісімді зерделеу және оған талдау жүргізу;

6) этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар, этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

7) еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

3. Құқықтары мен міндеттері

1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, ұйымдар мен азаматтардан Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұрату.

2. Министрлікте және басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының құрамына кіру.

3. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау саласында және Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру сұрақтарына қатысты ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізу.

4. Департаменттің құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

5. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау.

6. Құзыреті шеңберінде бюджетті қалыптастыру аясында, мемлекеттік сатып алу және нормативтік құқықтық актілердің мониторингі бойынша іс-шаралар өткізуді уақтылы ұйымдастыру.

7. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақтылы ұсынуды және хабарлауды үйлестіру.

8. Департамент құзыреті шеңберінде жетекшілік ететін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ Департамент әзірлеушісі болып табылатын немесе Департамент құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу.

9. Департаменттің құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының сапалы және уақтылы орындалуы, нәтижелер көрсеткіштеріне, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыстарды жүргізуді үйлестіру.

4. Департамент қызметін ұйымдастыру

1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.

3. Директор Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

4. Кіріс және шығыс хаттарды Министр, Жауапты хатшы және жетекшілік ететін Вице-министр береді, олар белгіленген мерзімде міндетті түрде орындалуға тиіс.

5. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға, жетекшілік ететін Вице-министрге бағынады.

6. Департамент директоры Жауапты хатшыға Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

7. Директор:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

9. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, олмаған жағдайда - директордың орынбасары қол қояды.

10. Департамент директоры, оның орынбасары, басқарма басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

11. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map