E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Regulation

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

Экономика және қаржы департаменті

туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Экономика және қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  3. Департамент:

1) Бюджетті жоспарлау және атқарылуы басқармасынан;

3) Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасынан тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. Бюджетті жоспарлау және атқарылуы басқармасынан

5.1. Міндеті: Министрліктің және оның ведомстволарының бюджетін жоспарлауы және атқаруы.

Функциясы:

Стратегиялық

  1. Министрлік құзыретіне кіретін саладағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.

Іске асырылатын:

1) Министрліктің алдағы қаржы кезеңіне арналған бюджетін қалыптастыру, Министрліктің бюджетін нақтылау;

2) Министрліктің алдағы қаржы кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру;

3) бюджеттік қаражаттың атаулылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

5) Министрліктің және оның ведомстволарының бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

6) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті дайындау;

7) жедел ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілікті жинауды жүзеге асыру;

8) Департамент құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және басқа да шағымдарын қарау;

9) Министрлік басшылығы  Департаментке жүктеген  басқа да функцияларды жүзеге асыру.

6. Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасынан тұрады

6.1. Міндеті: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдарға есептілікті жасау және ұсыну.

6.2. Функциясы:

Стратегиялық:

  1. Министрлік құзыретіне кіретін саладағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.

Іске асырылатын:

1) Министрліктің бухгалтерлік есебін жүргізу;

2) Министрліктің балансында тұрған мүліктің пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру;

3) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес  төлемдерді уақытында жүргізуді және белгіленген тиісті нормативтік актілердің тәртібін сақтай отырып, бюджет қаражатын алатындардың есебіне бюджеттік қаражаттарды аударуды қамтамасыз ету;

4) қызмет түрлері бойынша жедел, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есепті және  Министрліктің жиынтық есебін жасау,  белгіленген мерзімде мекенжайларға ұсыну;

5) бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың атаулығын және мақсатты қолданылуын қамтамасыз ету;

7) Департамент құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және басқа да шағымдарын қарау;

8) Министрлік басшылығы  Департаментке жүктеген  басқа да функцияларды жүзеге асыру.

7. Департамент:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;

2) Департамент құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге;

3) бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шараларды өкізуге;

5) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өздерінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволарынан, Министрлікке бағынысты ведомстволары және оның ұйымының ведомстволарынан қажетті деректерді, анықтамаларды, түсініктемелерді, ақпараттарды белгіленген тәртіппен  сұратуға және алуға;

6) Министрлікте және оның ведомстволарында өткізілетін іс-шараларға қатысу, комиссиялар, кеңестер мен басқа да консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіруге;

7) Министрлік басшылығының келісімімен басқа Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметкерлерін нормативтік актілер жобаларын және басқа құжаттарды дайындау үшін сондай-ақ, Департаменке жүктелген міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруға тартуға;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда нормативтік актілердің жобаларына және басқа да құжаттарға қол қоюдан бас тартуға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8. Департамент:

1)  өзіне жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;

2) қолданыстағы заңға сәйкес өзге де жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Департамент қызметін ұйымдастыру

9. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департамент өзінің негізгі  міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттілікке ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының  белгіленген заң  тәртібімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Департамент директоры орынбасары қарастырылған.

12. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға бағынады.

12. Департамент директоры өз өкілеттіктері шеңберінде:

1) Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге  асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;

2) Департамент құрамына кіретін басқармалар басшыларының, оның ішінде  өзі болмаған жағдайдағы міндеттемелері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

3) Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша мемлекеттік органның басшылығына ұсыныс береді;

4) Департаменттің жұмыс жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;

5) Департаментке жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Министрліктің басқа бөлімшелерімен және өзге де мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылы бойынша Департамент қызметі мен жұмысын ұйымдастырады;

6) жоғары тұрған органдардың директивті құжаттарын  уақтында  орындайды және бақылайды;

7) қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал жасайды және жұмыстың қарқынды түрлері мен әдістерін енгізеді;

8) Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етеді;

9) басшылыққа Департамент қызметкерлерін материалдық және ынталандырудың басқа да түрлеріне, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазаға тартуды ұсынады;

10) Министрліктің алқа отырыстарына, жиналыстарына талқылау үшін мәселелер мен қажетті материалдарды енгізеді;

11) басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;

12) Департамент құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты сұратады және алады;

13) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыс өткізеді;

14) Заңдарға және Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері щенберінде құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.

2) Департамент директор болмаған кезде департамент қызметіне жалпы басшылық қамтамасыз етеді және департамент жүктелген міндеттерді шешу үшін жеке жауапкершілік қоюлар  оның функцияларын орындайды.

3) департамент директоры жүктелген функцияларды өзге де орындайды.

14. Директор және Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамада, осы Ережеде және лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен міндеттемелерін уақытында және сапалы орындалуға жауап береді.

15. Департамент атынан  Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Директор, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

16. Департаментінің директоры, директорының орынбасары, басқармасының басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету талап етіледі және Қазақстан Республикасының заңмен сәйкес дербес жауапты болып табылады.

18. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map