E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Төлеков Елдар Мырзабекұлы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директоры

Төлеков Елдар Мырзабекұлы 1981 жылы 29 маусымда дүниеге келді.

2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген;

Қосымша білім алған:

- «Макроэкономикалық саясат және стратегиялық жоспарлау» курсы (Оңтүстік Корея, Сеул қ.);

- «Стратегиялық жоспарлау және мониторинг» (Алматы қ., Халықаралық бизнес академиясы);

- «ЦУР 2030 ЮНЕСКО жоспарлау және іске асыру және т. б. (Бангкок, Тайланд);

- «Kazakhstan Project Management Association» сертификатталған жобалық менеджері (С деңгейі);

2003-2007 – Алматы облысы Қаратал ауданының экономика бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жиынтық-экономикалық бөлімінің бас маманы.

2007-2012 – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің бас маманы, әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдар департаментінің басқарма бастығы.

2012-2015 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары, директоры.

2015-2019 – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бағдарламалық құжаттар мониторингі департаментінің директоры, Дүниежүзілік банктің  «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының консультанты.

2019 жылғы ақпанда  Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық жаңғырту департаменті директоры болып тағайындалды.

2019 жылғы сәуірінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директоры болып тағайындалды.


Ахетов Қайнар Қаниұлы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары

Ахетов Қайнар Қаниұлы 1979 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келді.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады (құқықтану бакалавры).

2003-2005 – Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің бас маманы;

2005-2007 – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының консультанты, бөлім басшысы;

2007-2013 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманы, бас сарапшысы;

2013-2015 – ҚР Байланыс және ақпарат агентігі Ақпарат комитетінің бас сарапшысы;

2015-2019 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар Министрлігі Ақпарат комитеті Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

2019 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті Баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы.

2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.


Күнтуов Нұрлан Жеткергенұлы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары

Күнтуов Нұрлан Жеткергенұлы 1982 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ орыс халықаралық университетін, 2018 жылы «Тұран Астана» университетін бітірген.

1999-2006 – «Рика ТВ» ТК бағдарламалық бөлімінің редакторы, бас редакторы;

2009-2011 – Ақтөбе облыстық сотының іс жүргізушісі, жетекші маманы, басқарма басшысы, сонымен қатар Ақтөбе облыстық соты кеңесінің  ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

2011-2016 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі қылмыстық істер бойынша әзірлеу мен талдау және Жоғарғы Сотының жалпы отырысының қызметін қамтамасыз ету секторының сарапшысы, Көпшілікпен және бұқаралық ақпарат  құралдарымен өзара байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Жоғары Сот  төрағасының  хатшылығы ұйымдастыру-хаттама  секторының  бас сарапшысы, Жоғары Сот төрағасының хатшылығы Департамент  басшысының көмекшісі, жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі құжатайналым  секторының бас консультанты-басшысының  көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған;

2016-2017 – Ақтөбе  қаласы  әкімі аппаратының  мемлекеттік  қызметтер көрсету  мәселелерін  үйлестіру  бөлімінің   басшысы;

2017-2018 – Ақтөбе    қаласы   әкімі  аппаратының  басшысы;

2018-2019 – «Ақтөбе  облысының  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасы»  ММ басшысы;

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map