E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Executives

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері  комитетінің төрағасы

Ержан Болатканұлы Нүкежанов 1981 жылы Алматы қаласында туылған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтап, тарихшы, тарих мұғалімі; тарих магистрі біліктілігін алған.

Е.Б. Нүкежанов 2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған. 2004 жылы Қазіргі Халықаралық заманауи саясат институтын ақпараттық-талдамалық бөлімінің күнтізбелік өнімдер тобын басқарған,  2005 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы аналитикалық бөлімнің жетекші маманы лауазымына тағайындалған.

2005 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы наурызға дейін «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ орталық аппаратында қызмет атқарған. 2007-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалған.

2009 жылғы қарашадан 2016 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде сарапшы, консультант және 4 жыл бойы сектор меңгерушісі ретінде жұмыс істеген. 2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары саяси лауазымына тағайындалып, 2018 жылғы қаңтар айына дейін аталған лауазымды атқарып келген.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар  министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері  комитетінің төрағасы.


Комитет төрағасының орынбасары

Хатиев Ануар Нурманұлы


Комитет төрағасының орынбасары

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map