E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

ҚР АҚДМ мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) және интернет-ресурстар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) және интернет-ресурстар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Құжаттар конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту қажет, құжаттамалардың қабылдануы 2019 жылғы «18» қыркүйек 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжайы бойынша 2019 жылы «19» қыркүйекте өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map