E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасына Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жобада Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесін жетілдіру көзделеді, сондай-ақ заңнамадағы коллизияларды жою.

Жоба 2019 жылы 19 маусымда «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2371719 «Мәдениет, Дін, БАҚ» бөлімінде орналастырылды.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map