E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Ашық диалог» порталында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сауалнама өткізетіндігі туралы хабарлама

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Ақпаратқа қол жеткізу механизмдерін жетілдіру» тақырыбында сауалнама өткізеді.

Ақпаратқа қол жеткізу – азаматтарға тек өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жүргізіп, сыбайлас жемқорлықпен және басқа да жағымсыз көріністермен күресуге мүмкіндік беретін маңызды құрал.

Сауалнама ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау мақсатында өткізіледі. Оның нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Ақпарат мәселелері жөніндегі кейбір заңналық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу  жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заң жобасы аясында ескерілетін болады. 

Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1029 сілтемесі арқылы аталған сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сауалнама 2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефондарға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 740502 (Анара Мамбеталина) 8 (7172) 740479 (Женис Акишев).

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map