E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» мемлекеттік мекемесінің балансынан заңнамада белгіленген тәртіппен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Б. Сағынтаев

Published on: 04.12.2018
Updated on: 04.12.2018

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map