E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Ұйымдастырушылық даму» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ұйымдастырушылық даму» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. «Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 110 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 87 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 17162 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Этолондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар

министрі

Д. Абаев

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

А. Шпекбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Published on: 29.11.2018
Updated on: 04.12.2018

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map