E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларында::

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда)        (бұдан әрі – жобалар) орналастырылады.

Тиісті аумақта карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу (күшiн жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары орналастыруға жатпайды.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін қамтамасыз ету үшін Порталда:

реттеуші мемлекеттік органдар қоғамдық талқылау жүргізу үшін реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін  талдау бойынша талдамалық нысандарды;

кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік орган әзірлеген талдамалық нысанды және құжат жобасын қоса бере отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындыны орналастырады.

Бұл ретте, қоғамдық талқылау жүргізу және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындыны қалыптастыру мерзімдері мен тәртібі  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12517 болып тіркелген) Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында айқындалған.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Порталда жобаларды орналастыру күнін жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар дербес  айқындайды.  

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар жобаларды мүдделі мемлекеттік органдарға, сараптама кеңестеріне және Ұлттық палатаға қарауға жібергенге дейін интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялауы қажет.

Заңдар жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шұғыл немесе басымды деп анықталған жағдайда, сондай-ақ, орындалуы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдегі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әзірленетін жобалар бойынша оларды көпшілік талқылау мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

Жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін  жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде не оның қолданысы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрған кезде көпшілік талқылау мерзімі күнтізбелік 3 күнді құрайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жобалар Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Жобалар АЖО арқылы мемлекеттік органдар дербес айқындайтын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен орналастырылады. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділік жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өтінімі негізінде оператормен ұсынылады.

Нормативткік құқықтық актінің жобасы архивке көшірілгенге дейін  Порталда жобаның тек бір нұсқасын орналастыруға жол беріледі.

Оператор жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс істеу тәртібіне оқытуды жүргізеді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Порталда жобаларды көпшілік талқылау келісі шарттарды сақтау бойынша жүзеге асырылады:

1) көпшілік талқылау үшін орналастырылған жобаларға «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ақпарат пайдаланушыларынан ескертулер және (немесе) ұсыныстар тек жобалардың нақты құрылымдық элементтеріне қатысты және қысқаша негіздемемен электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырусыз қабылданады;

2) жобаның таңдалған бабына немесе басқа құрылымдық элементіне ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жіберу кезінде балағат сөздерді, тіл тигізулерді, жарнамаларды, сондай-ақ заң жобасы тұжырымдамасының жобасына немесе нормативтік құқықтық акт жобасына қатысы жоқ басқа да ақпаратты қолдану рұқсат етілмейді.

Порталда жобалардың көпшілік талқылау мерзімі осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды Порталда орналастырған күннен кейінгі жұмыс  күнінен бастап он жұмыс күнінен кем болуы мүмкін емес.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын көпшілік талқылауын жүргізу мерзімі ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау немесе бас тарту туралы  шешім қабылдайды. Бұл ретте, қажет болған жағдайда бастапқы мерзім орналастырылған жобаларды көпшілік талқылауы аяқталғаннан кейін  үш жұмыс күніне дейін  ұзартылуы мүмкін.

Әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген  жобаларды көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстары қаралмайды.»;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарда ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын қарау нәтижелеріне сәйкес көрсетілген мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері АЖО арқылы жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есептің (бұдан әрі – есеп) алдын ала жасалған  нұсқасын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша  қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті ескере отырып, жобаларды қосымша талқылауды жүргізеді. Қосымша талқылау кезінде келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың ескертулері және (немесе) ұсыныстары осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Оператормен тексерілмей жарияланады және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар  қосымша талқылау жүргізілген күні қарайды.

Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін  жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері бір ай ішінде Порталда қосымша талқылау жүргізбеген жағдайда, Оператор оларды хабардар етпей жобаны  Порталдан алып тастайды.»;

Қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі                                                                              Д. Абаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

________________ М. Бекетаев

2018 жылғы «___»________

Ашық нормативтік құқықтық

актілердің интернет-порталына

заң жобалары тұжырымдамаларының

жобалары мен нормативтік құқықтық

актілердің жобаларын орналастыру

және оларды көпшілік талқылауы

қағидаларына

қосымша

Нысан

Жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы

есеп

«__________________________________________________________________»

(заң жобасы тұжырымдамасының немесе нормативтік құқықтық акті жобасының атауы)

Бірегей нөмірі:

Жобаны орналастыру күні:

Онлайн талқылау жүргізу күні:

Есепті қалыптастыру күні:

Жобаға «жақтап» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

Жобаға «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың барлық саны:

Жауаптардың барлық саны:

(Ұсынысты) «жақтап» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

(Ұсынысқа) «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың барлық саны:

Нормативтік құқықтық актінің типі:

Санаты:

Мемлекеттік орган:

 

Р/с №

Құрылу күні

Нормативтік құқықтық актінің түсініктемелер берілетін құрылымдық бөлігі

Ақпарат пайдаланушының ескертуінің және (немесе) ұсынысының мәтіні

Мемлекеттік органның жауабының мәтіні

Жауап мерзімдерді бұза отырып ұсынылды «иә»/  «жоқ»    

Ұсынысты «жақтап»" дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

Ұсынысқа «қарсы» дауыс берген ақпарат пайдаланушылардың саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map