E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)  бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4.Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Қағидалардың 5-тарауы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрінің міндетін атқарушы                                   Н. Мауберлинова

Published on: 14.06.2018
Updated on: 14.06.2018

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map