E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Жекешелік әріптестікті анықтау бойынша конкурсты қайта өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау қағидасының 113-тармағын (ҰЭМ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген) басшылыққа алып «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жөніндегі жекешелік әріптестікті анықтау бойынша конкурстың өтпеуіне орай жекешелік әріптестікті анықтау бойынша конкурсты қайта жариялайды.

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жоба бойынша мемлекеттік әріптестік болып табылады.

Жекешелік әріптестік жекешелік әріптестікті анықтау жөніндегі конкурсты өткізу нәтижесіне бойынша анықталатын болады.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» Мемлекеттік мекемесі.

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 подъезд, тел. +7 7172 74 10 12.

Өткізу орны және күні: 2018 жылғы 15 маусым, 745 кабинет, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де.

Біліктілікке таңдап алу бойынша хабарландыру.

Published on: 30.05.2018
Updated on: 31.07.2018

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map