E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Разъяснения по содержанию конкурсной документации по проекту ГЧП

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) Сіздің сұратуыңызға келесіңізді хабарлайды.

1. Жекеше әріптестік туралы мәселеге қатысты

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

Бұл ретте, Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленуі мүмкін.

Өз кезегінде, әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынатындай құжаттарды не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасы бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағы 7-тармақшасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кәбілдік, оның iшiнде талшықты-оптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамын шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына.

Жоғарыда баяндалған негізінде, конкурсқа қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде мүмкін.

2. Конкурстың тәртібі және талаптары туралы мәселеге қатысты

2.1., 2.2., 2.3. «МЖӘ» Заңға сәйкес жекеше әріптес осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға бола алады.

Сондай-ақ, «МЖӘ» Заңының 38-бабы 4-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

1) енгізілген конкурстық өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) өзі енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

Бұл ретте, конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

Жоғарыдағыны ескере отырып, тәртіптер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

2.4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (ҰЭМ 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілді) 113-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда:

1) егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер түспесе;

2) егер ұсынылған барлық конкурстық өтінімдер не жалғыз конкурстық өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сай келмесе;

3) осы Қағидалардың 112-тармағында белгіленген жағдайда, конкурс өткізілмеген болып есептеледі.

112-тармаққа сәйкес, егер конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және МЖӘ шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

Бұл ретте осындай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы әлеуетті жекеше әріптес конкурс жеңімпазы болып танылмайды.

Комиссия конкурсқа ұсынылған қалған өтінімдер арасында үздік конкурстық өтінімді таңдайды.

Бұл ретте осындай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы әлеуетті жекеше әріптес конкурс жеңімпазы болып танылмайды.

Жоғарыдағыны ескере отырып, конкурста әлеуетті жекеше әріптестің Қазақстан Рсепубликасының заңнамаларын сақтаған кезде қатысуға болады

Кезесі сұрақтарыңызбен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Телекоммуникациялар саласындағы жобаларды дамыту басқармасының басшысы Бабиев Марат Жанболатұлына келесі контактілермен тел: 8 (7172) 74-10-15 email: m.babiyev@mic.gov.kz  хабарласа аласыздар.

3. Жауап

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) Сіздің сұратуыңызға келесіңізді хабарлайды.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

Бұл ретте, Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленуі мүмкін.

Өз кезегінде, әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынатындай құжаттарды не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасы бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағы 7-тармақшасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кәбілдік, оның iшiнде талшықты-оптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамын шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына.

Жоғарыда баяндалған негізінде, конкурсқа қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде мүмкін.

Бұдан басқа, «МЖӘ» Заңға сәйкес жекеше әріптес осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға бола алады.

Кезесі сұрақтарыңызбен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Телекоммуникациялар саласындағы жобаларды дамыту басқармасының басшысы Бабиев Марат Жанболатұлына келесі контактілермен тел: 8 (7172) 74-10-15 email: m.babiyev@mic.gov.kz  хабарласа аласыздар

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map