E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры

Андабаев Мираз Мұратұлы

1987 жылдың 23 қаңтарда дүниеге келген.

2010 жылы, халықаралық қатынастар Бакалавры дәрежесін алып, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірді.

2017 жылы «Тұран-Астана» университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару Магистрі дәрежесін алды.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде атташе.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы.

2015 жылдан 2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыс және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі.

2016 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


Халықаралық ынтымақтастық департаменті  директорының орынбасары

Мукатов Мейірбек Жаксыкелдіұлы 

1986 жылдың  29 маусымында дүниеге келген.

2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетті «филология» мамандығын тәмамданды.

2012 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар магистрін тәмамданды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің Астана қаласы бойынша консулдық істер департаментінің жүйесінде қызмет атқарды.

2014–2015 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Стратегиялық жоспарлау, талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысының м.а., сарапшы.

2015–2017 жылдары - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасының сарапшы, бас сарапшы.

2017–2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті  халықаралық ынтымақтастық және хаттама басқармасының басшысы.

2018–2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті  директорының орынбасары.

2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті  директорының орынбасары болып тағайындалды. 

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map