E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің құрылымы мен штат санын Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

Департамент:

1)      Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасынан;

2)      Жобаларды жоспарлау және дамыту басқармасынан;

3)      Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасынан;

4)      Мониторинг және талдау басқармасынан құрылады.

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map